«Шаға» деп тоқалдан туған баланы атай ма?

0
1212

Әлеуметтік желіде Бақыт Шабданның сұрағына қатысты қызу пікірталас өрбіді деп жазады Democrat.kz.

«Үлкен кісілер бір-бірімен амандасқанда бала-шаға аман ба?-деп жатады ғой. Шаға деп әйелін айтып тұр ма? Мал-жан аман ба?-деп те айтады. Неге малдың жағдайын бірінші сұрайды?
Түсіндіріп беретін біреу бар ма?» деген сауал тастады Бақыт Шабдан.
Осы сұраққа қатысты оның оқырмандары түрліше жауап жазуда.
«Шаға -деп тоқалдан, аққолтықтан туған балаларды айтады. Созақ жақта Шаға ауылы бар. Аққолтық ауылы да бар. Шағаларға ауылдан алшақ аумақтан үлес жер береді.
Қазақта:-Сенің балаң балада менің балам шаға ма?-дейтін қыжыртпа сөз бар. Ол сөздің астарын бұл заман түсінбейді.Көбісі ойлайды өз баласын немесе немерелерді бала-шаға деп».
«Малы ақшасы күн көріп отырған.Жаны адамы.Мал күнкөрісі болғандықтан амандығын сұраған ,малы жоқ болғанда қазақ аштықтан қырылып қалған жоқ па1932-33 жылы.»Мал бір жұттық «депте айтқан қазақ.Сондықтан мал аман болса жан аман болған ол кезде».
«Шаға» деген де «бала» деген сөздің синонимі негізі. Шыңғыс ханның бәйбішесінен туған төрт ұлының бірі — Шағатай. Түркімен тілінде осы күні «шаға» деген сөз «бала» деген мағына береді екен.
Жұрт осындай жауаптар жазуда. Ал сіз қалай ойлайсыз «шаға» деген не сөз?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.