Қазақ елінің көсегесі неге көгермей келеді?

0
87

Қазақ Елінің көсегесі неге көгермеді, жауап берейін. Қоғамда өзгеден гөрі, өзін ойлайтындар көп!

Сол өзін-ғана ойлайтындар мемқызметке барса, қара басының қамын ойлаумен күнін өткізеді, болды.

Еңбекақысы үшін бастығы алған ақша құжатына қол қойып беріп, ұсталып қалғанша жүре береді.

Өзгені ойлайтын аз қауым мемқызметке кіргенімен, тұрақтай алмайды.

Жеу үшін барған көпшілік оны мүйіздеп—қуады.

Парақорлық жойылса—аз еңбекақы үшін ірі шенеуніктердің ешқайсысы жүрмейді, бәрі бизнеске кетеді.

Демократиясы дамыған елдерде мемқызметке интузиастар болмаса, ешкім де қызықпайды.

Тоқаевтың «пара алды деп қамай бермеңдер, мүмкін оның намерениесі басқа болған шығар..» деген сөзі— парақорлық жойылып кетіп, мемқызмет қызықсыз болып қалмасын дегені де.

1986 шы жылы төгілген жастардың қаны — ұрпаққа қарыз. 2011 дегі қырғынды ұйымдастырғандар жазасыз кетті.

2022 нің қаңтарында болған қырғын себебі түсініксіз, соңы саясатқа айналып кетті.

Саналы қазаққа 16 желтоқсан ешқандай да мереке емес, қаралы күн.

Сол оқиға тарихын әуелі өзі зерделеп, түсінгенін ұрпағына үйрететін уақыт.

Қазақ қанын төгіп жетпеген тәуелсіздік «жерде» қалған!

Кеңес өкіметін құлатқысы келмеген Назарбаев Қазақ Елі тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялаған.

Ұлттық валютамызды шығармай, кеңестен қалған рубльді 2 жыл айналымда ұстап, өз валютасын шығарып үлгерген басқа республикалар мусор рублдерін бізге тонналап әкеліп сауда істеп кеткен.

Кейінгі 30 жыл ПТУШник Назарбаев қазақтарды атып, асып, қорқытып ұстады.

Алдап отырғанын білсек те алдана бердік…

Тоқаев басқарған қазіргі заман—орыстың етегіне «амалсыз» жабысқан заман.

Ел ішінде патриотизм жоқ. Теледидар, радио тақырыптары ойын-сауық, жел сөзді құтыға жинағандар ордасына айналды.

Интернет площадкаларын дұрыс пайдалануды білмедік. Бізді бір күндігімізбен өмір сүруге үйретті.

Қысқасы, болашағымыз бұлыңғыр..

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.