Мұғалімге қол жұмсап, қорлаған ата-ана өз жазасын алды

0
370

Мұғалімді жұлқып, балағаттап, өміріне қауіп төндірумен қорқытқан әке өз жазасын алды деп жазады Democrat.kz.

Бұл оқиға туралы және осы оқиғаға қатысты сот өтетінін өткен аптада хабарлаған болатынбыз. Мұғалімді жұлқылап, тіл тигізген ата-анаға қатысты сот шешімі шығыпты.

Бұл туралы шымкенттік белсенді ұстаз Маржан Алыпқараева әлеуметтік желіде хабарлады.

«11.11.2024 жылы дене шынықтыру сабағына спорт киім алып келмей мұғалімнің ескертуін дұрыс қабылдай алмаған оқушы әкесін мектепке телефонмен звондап шақыртады.

Оқушының әкесі сабақ үстінде спорт залға еніп, мұғалімді жұлқып алып шығып, балағаттап, қол жұмсауға дейін барады. Педагогке былапыт сөздер айтады, өміріне қауіп төндіреді.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзышылықтар жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен әкімшілік айыппұл түрінде тағайындалған жазасын Шымкент қалалық сотының алқасы 19.12.2024 жылы 7 (жеті) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына өзгертіп жәбірленуші Дана Игимбай әріптесіміздің апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырды.

Педагог мәртебесінің тапталмауы үшін өз құқығын қорғаған әріптесімізге алғысым шексіз!

Сенімді өкілі болған Шымкенттік заңгер Жаңабек Асанұлы мырзаға және қолдау білдіріп, сот отырыстарына қатысқан әріптестеріме, қоғам белсенділеріне алғысымды білдіремін!» деп жазды белсенді ұстаз.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.