Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ

0
104

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

«Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен, Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын», – деді премьер-министр.

Олжас Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.

«Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін барлық әкімдік мамандықтардың өңірлік атластарын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар», — деді премьер-министр.