«Kundelik.kz»-тен «BilimClass»-қа көшу: Мұғалімге бос отыруға болмайды
ТикТок әлеуметтік желісінде мұғалімдер келесі бір трендті бастады деп жазады Democrat.kz.
Бұл жолы «Kundelik.kz»-тен «BilimClass»-қа көшу туралы бұйрық алған мұғалімдер ішкі ренішін тиктокердің дауысы арқылы жеткізуге тырысуда.
«Kundelik.kz»-тегі 8 жылдық архивті «BilimClass»-қа көшір деді, үндемедім…» дейтін бұл тренд мұғалімдер арасында кең талқыға түсуде.
Осыған дейін бүкіл Қазақстан мектептері «Kundelik.kz» атты электронды күнделікті қолданып келген болатын.
Алайда жұртқа түсініксіз жағдайда былтырдан бері еліміздегі біраз мектеп «BilimClass»-қа көшіп бастады.
Бұл «көш жұмысына» қатысты мұғалімдер тарапынан реніштер аз айтылмады. Өкінішке қарай, мұғалімнің үніне құлақ асатын Астана жақтан ешкім бола қоймады.
Нәтижесінде қазір еліміздің көптеген мектебі «BilimClass» деп аталатын электронды күнделікке көшуде.
«Көшуде» деп айтуға оңай ғой. Пәлен жыл бойғы «Күнделік. кз» — тегі бүкіл мәліметті «BilimClass»-қа қайта көшіруге мұғалімнің жүйкесі мен уақыты кетудей-ақ кетуде.
Мұғалімдерді «Күнделіктен» не себепті «БілімКласқа» ауыстырып жатқанын тиісті мекеме басшылары мандытып, түсіндірмеді.
Бар түсінгеніміз, қазіргі оқу процесіне «БілімКласс» керемет лайықты қызмет көрсетеді-мыс.
Мұғалімдер де, ата-аналар да «түсіндік» деген сыңай танытсақ та, бұл көшу жұмысының астары бос емесін ішіміз сезеді. Алайда трендте айтылғандай «үндемейміз».
Ең қызығы, кей аймақтарда «БілімКластан» — «Күнделік.кз»-ке ауысып жатқандар да аз емес екен. Бұған не дейсіз енді?
Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.
Фото көрнекілік үшін.
@nbotaaa