«Модель қыздар» миллиардтап ақша тапқан
Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактісі бойынша істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпаратқа сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топ Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбеде жұмыс істеген. Оның құрамында болған қазақстандық және шетелдік азаматтар ұсталды.
«Олар модельдік агенттіктің атын жамылып, Web-Cam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Қылмыстық бизнеске 18 жастан 25 жасқа дейінгі қазақстандық қыздар тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы 3 миллиард теңгеден асады», – деп хабарлады ІІМ.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.