Енді параны берген де жазаланады

0
48

Қазақстанда тіпті пара ұсынғандар да жазаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжілісте «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Ол ел заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар жаңашылдықтарды ұсынып отыр. Осылайша пара ұсынғаны үшін жауапкершілікті енгізу ұсынылып отыр.

«Заң жобасы пара алуға келісу, пара сұрау немесе талап ету, сондай-ақ пара уәде ету немесе ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді қарастырады. Енді пара туралы кез келген сөздің қылмыстық салдары болады. Мен мұны қолдаймын, бірақ адамның жаңа қылмыстарға шын ниеті іс жүзінде қалай дәлелденетіні қызық. Өйткені сот-тергеу тәжірибесінде пара алумен байланысты істер дәлелденуі қиын қылмыстар болып саналады. Бұл азаматтарымыздың негізсіз жауапқа тартылуына әкеліп соқтырмай ма?” — деп сұрады депутат Николай Арсютин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жедел-іздестіру қызметінің барлық нәтижесі заңға сай жүргізілетінін айтты.

«Жауапкершілікке тарта отырып, бұл ең алдымен профилактикалық әсер екенін бірден атап өткім келеді. Біз халықаралық тәжірибені қарадық, ондай фактілер бар. Ең бастысы, бұл алдын алу шаралары – бұл жерде прокуратура мен сот тарапынан қадағалау мәселелері де бар екенін атап өткен жөн. Яғни, мәселе профилактикалық сипатқа ие», — деп жауап берді Сарқұлов.