«…осы жасқа келіп енді түсіндім» деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова

0
139

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің әлеуметтік желі парақшасында әкесіне арнап ізгі тілек жолдады деп жазады Democrat.kz.

«Адам өміріндегі ең алғашқы ұстазы, жағымды кейіпкері, супергеройы әкесі десем қате ме?

Бала күнімнен мен үшін әлемдегі ең әділ, шыншыл, қатал, дана адам ол — ӘКЕМ! Осындай образ қалыптастыра алған адамның шын мықтылығын осы жасқа келгенде терең ұғынып жүрмін. Себебі барлық әкенің қолынан келе бермейтін еңбек екен.

Білім, ғылым жолында көздің майын таусып, инемен құдық қазып, білгенін шәкірттеріне үйрету үшін өмірін арнап келеді. Ешқандай билікке де, мансапқа да қызықпай, өз жолынан таймай, адамдық миссиясын орындауды мақсат еткен. Әйтпесе ұсыныстар болмады дейсіз бе?

Бүгін мен үшін Тау Тұлғаммның туған күні. Есейіп кетсем де аяқ тартамын, еркелеймін, арқа сүйеймін, қорған көремін. Мен әкеммен мақтанамын. Үмітін ақтауға тырысамын. Жүз жасаңыз!» деп жазды актриса парақшасында.

Фото интернеттен.