«…Қарақат құспайтын болды» деген әнші Қыдырәлі басынан өткен тылсым жағдайды айтып берді

0
969

Әлеуметтік желі парақшасында өткен күндердің естелігін жазған әнші Қыдырәлі Болманов әйелі туралы бір қызықпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«Осыдан 16-жыл бұрын, Имашқа жүкті болған кезінде Қарақат қатты қиналды. “Токсикоз”, тамақ ішпейді, , су ішсе, құсып тастайды.

Профессордың қадағалауында болса да, Құдай қосқан жарымның айлап “системамен” қоректеніп жатқаны, жаныма қатты батты.

Құрсақтағы сәби не болып жатыр ?
Екеуі үшін отқа да,суға да түсуге дайынмын.

Іш қазандай қайнайды,күресерге дәрмен жоқ болып, ойым онға бөлініп, жан қиналғанда Аллаға жалбарынып келе жатыр едім, тел шыр ете қалды.
Асс.кум !-
Уағалейкумассалям !
Қыдырәлі бауырымсың ба ?
Иә,бұл кім екен ?
Орталық мешіттен едім айналайын.
Жылда Мұхаммед пайғамбарымыз ( С. А. С.) 6-сәуір орталық алаңда мәуліт өткізуші едік.

Биыл жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Республика сарайында өзіңнің концертің тұр.. 6-сәуірге босата аласың ба,-десін.

Бір минут беріңіз, бәрін шешіп, дәл қазір хабарласамын. Басшысына тел.шалып, Сәуірдің 6-күнгі концертті 5-сәуірге ауыстырыңыз дедім де,имамға, босаттым,-деп едім,ағамыз алғысын жаудырып,өте риза болып қалды.

“Расулалламыздың аты аталғанда, ешкім жоқ,-дей алмаса керек, кім болса да босатар еді ғой,- деп жатырмын…

Айналайын, сыртыңнан тек жақсы сөздер естуші едім,-
деп, ақ тілектерін жаудырды.

Содан 1-2 сағаттың өткенде Сауд Аравиясынан Елшіміз Қайрат Лама-шариф хабарласты.

Саудияда ешқашан концерт болмаған.

Ханшайының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті болайын деп, әр Мемлекеттен өнер адамдарын шақырып жатыр едік. Елімізден Қарақат екеуіңізді таңдап алдық.Келе аласыздар ма,-десін..

Ой құдіреті күшті Алла,-бірден Қайреке, қасиетті Меккеге бара аламыз ба,-деппін жұлып алғандай.

Әрине, өзім ұйымдастырып беремін деп жатыр Қайрекең.
Онда барамыз.

Уақытын келісіп алдық та, шауып отырып, Қарақатқа келдім. Осылай да осылай,-Меккеге барып, Алладан тілейміз ! Дәрігерлер үзілді-кесілді қарсы болса да, Аллаға жалбарынамын, кешіріңіз !

Рияд-қаласына ұшып келдік, кешке концертке қатыстық.
Таң ата намаз оқып алып, қасиетті Меккеге тарттық.

Келе сала, жұрт жиналып жатқан намазға жүгіріп келіп, тұра-тұра қалдық. Қасиетті Қағбаның жанында, -қасиетті жұмаға,-
дөп келіп тұр екенбіз !
Сол күннен бастап, Қарақат тамақ іше бастады. Құспайтын болды!» деп жазды әнші.

Фото көрнекілік үшін.