Құдай — адам қиялынан жасалған кейіпкер екенін билік те біледі

0
51

Діндарлар айтады, «Алланың(құран) заңы тұрғанда —адам ойлап тапқан заңмен жүру қате!!»-дейді де, бірақ адам шығарған заңға сүйеніп өз құдайларын қорғауын заңнан талап етеді. Бұл таза парадокс.

Сонда құдай адамдарды қорғайма, адамдар құдайларын қорғай ма?

Сендер сеніп жүрген құдайлардың бәрі адам санасымен жасалған кейіпкерлер екенін мемлекет біледі. Алаң болмаңдар!

Адам болмаса құдайда болмайды. Егер адам болмаса, құдай кімге құдай болады.?

Құдай сендерді қорғайды, құдай бәрін білуші, тілегіңді орындаушы, деп халыққа уағыз айтып құлаққа лапша ілгенде кереметтей.! Бірақ құдайына біреу тиісе қалса, құдайынан оны жазалауын сұрамайды. Өйткені құдай оны орындамайтынын біледі, ал заңның оны орындайтынына кәміл сенеді. Сол үшін бірден заңға сүйеніп, оның аузын жабуын заңнан сұрайды. Нонсенс.

Құдай басқа дін басқа!

Ал, «дін көп құдай біреу ғана» деген версия да дұрыс емес. Негізі құдай жоқ!.

Әлемде құдайға сенетін ешкім қалмаса, онда құдай да жоғалады.

Әлемде діндер өте көп, демек сонша құдайлар бар. Ал қай құдайдың рас екені оны шығарған елдің идеологиясына да байланысты. Және ол елдің қауқарынада және ол діннің сол замандағы адам санасына бұрынғы құдайларға қарағанда санаға қонымдырақ екенімен де байланысты.

Мысалы РИМ империясы императорлары Авраам дініндегі Исус версиясын алды да, ол РИМ халқын басқару құралы етіп бекітті. Осылай РИМ империясы ықпалындағы барша халықтар христиандықты қабылдамауға мүмкіндігі де болмады. Бойсұнғандар бойсұнды, бойсұнбағандар бойсұндырылды.

Ислам діні де, дінді желеу еткен ислам халифаты жорықтары нәтижесінде әлемге ықпал етіп, әлемдік сахынадан өз орнын ала білді.

Қандайда бір ел империялың деңгейге жетсе, ол ел өзінің ықпалындағы халыққа соны істетеді.

Ал Шыңғыс ханға келсек, ол ешбір діни көсқарастарға тиым салмаған. Өз сенімін өзінің идеологиясы етіп басқаға тықпаламаған.

Ол Шыңғысқанның қателігі болуыда мүмкін кім білсін. Нағыз құдай «көк Тәңірісі» деп реформа жасап бергенде қазір Аврамит діндерінің орны қай жерде боларын кім білсін.

Сәбит ШЕРКЕШБАЙҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.