«Төрт әйел алғым келеді» деген әнші бүкіл еркектің басты арманы осы дейді

0
1326

Әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде көп әйел алу туралы айтты деп жазады Democrat.kz. тілшісі  janabastau.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Менімен еркектердің 95 пайызы келісу мүмкін. Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде мен де бармын, 95 пайызға мен де кіремін. Оның 5 пайызы «шүкір, бір әйел жетеді. Мен әлі дайын емеспін» деп жүргендер шығар. Бірақ, әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді, Иншаллах», — деді әнші.

Әншінің бұл сөздерімен келісетіндерден гөрі келіспейтіндер көп болды. «Бір әйелін қарық қыла алмай жүріп, екінші әйел алуды армандау — ақымақтық» десті жұртшылық.

Фото интернеттен.