«Елге қайта көшіп келдік» деген Норвегиядағы блогер Ақкенже оралу себебін айтты

0
76

Өзінің әлеуметтік желі парақшасында Норвегиядан Қазақстанға қайта оралғанын жазған отандасымыз Ақкенже Әлімжан жан сырымен бөлісті жеп жазады Democrat.kz.

«2015 жылы жүрегімнің қалауын кездестіргеннен кейін, азаматымның артынан еріп Норвегияға көштім. Тұрмысқа шыққанға дейін Норвегия туралы білгенім шамалы еді.

Ол кезде Аппақ қыздарыңыз қатарының алды боп, аяғы жерге тимей жүрген кезі.

Көшкеннен кейін ғана Норвегияның экономикалық ахуалы жағынан әлемнің әлеуеті жоғары елдердің үштігінде екенін білдім.

Бірте-бірте жергілікті елді-мекеннің менталитетіне де дағдыландық. АҚШ-та оқығаным бар, біраз шет елдерін аралағаным бар. Десек те, өзге Еуропа елдеріне ұқсамайтын норвег халқының өзіне тән менталитеті ұнады.

Бойларындағы сабырлылық пен ішкі мәдениетін айтпағанда, отбасылық құндылықтарын қастерлеуі, туған табиғатын аялап, ұлтын шынайы сүюі тәнті етті.

Уақыт өте келе тұрған жерімізге пайдамызды тигізіп, бірқатар өнер жобаларды іске асырдық. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрдік. Сөйтіп, жанұямызбен кәсіби спорт пен өнерге жақын өнегелі отбасы ретінде таныла бастадық.

Жағдайымыз жақсы болды. Ауасы тамаша, табиғаты көз тоярлықтай көркем, әлеуметтік жағынан да қауіпсіз әрі балалар үшін тұлғалық дамуына оң әсерін тигізетін ортада тұрсақ та, туған жеріме деген сағынышым кеудемді кернеп маза бермеді.

Өз тіліңде айтқан сөзге сөз жетпес, өз тіліңде салған әнге ән жетпес…» деп жазды блогер қыз.

Фото интернеттен.