Түркияның байрағы түсіріліп, ұлттық аза тұту күні жарияланды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өрттен туындаған қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, сәрсенбіде, 22 қаңтарда елдегі және шетелдік өкілдіктердегі мемлекеттік тулар түсіріледі.
«Басынан бастап біз тиісті мемлекеттік органдар арқылы жағдайды мұқият қадағалап отырдық және тергеулер дереу басталды. Барлық зардап шеккендер мен Болу тұрғындарына шын жүректен көңіл айтамын», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Карталкаядағы өртке кінәлілер заң алдында қатаң жауап береді деп атап өтті түрік басшысы.