Еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды

0
42

Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлап жолдар жабылды. Полиция күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.             

Қарағанды облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1864-2005 шақырым аралығындағы учаскесінде (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 16:10-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қарағанды – Аягөз – Боғаз» автожолының 56-217 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ботақара ауылынан Қарқаралы қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты:

– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады;

– «Теміртау – Ақтау – Бастау» автожолының 0-53 шақырым аралығындағы учаскесінде (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2005-2152 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 1206-1367 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Рф шекарасы» автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Қостанай облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:15–те ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 7-218 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласынан Октябрьское ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланған.

Ұлытау облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған – Петропавл» автожолының 11-22 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жезқазған қаласы – Сәтбаев қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда – Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Түркістан облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тұрар Рысқұлов ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

Түркістан облысы аумағында 21 қаңтар кешкі уақытта қар жауып, жолдар тайғақ бола бастады. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жолды жауып, күшейтілген тәртіппен қызметке көшті.