«Дәптерге 500 рет жазыңыз» деген Гүлзира Айдарбекова әйелдерге ақыл айтты

0
832

Гүлзира Айдарбекова шетелдегі демалысын көрсетіп, қыз-келіншектерге кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жолдасы Нұртаспен Дубайда демалып жатыр. Оқырмандары қызығып, түрлі пікір жазып, кеңес сұрады.

“Жастыққа басымыз тиіп, 70 жасқа жеткен жоқпыз. 50 жастың үсті – орта жас. Алла өмір берсе, қартаюға біраз уақыт бар. Онсыз да бір-бірімізден апта сайын демаламыз. Менен шаршай қоймайды-ау. Жолдасыңыз ұйықтай берсін. Өзіңіз демала беріңіз. Онсыз да үйде біргесіздер. Ашумен ештеңе ретке келмейді. Оларды тек бала сияқты алдау керек. Мынаны жасап көруге болады: 500 рет төр көз дәптерге “Мен күйеуіммен демалып жүрмін. Бақыттымын. Ақшам көп деп” жаза беру керек. Күніне 20-30 рет жазу керек. Нәтижесін көп ұзамай көресіз, – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ “Немерелеріңмен бірге қыдырмадыңдар ма?!” деген оқырман тарапынан келген сұраққа да жауап берді.

“Былтыр Заңғар екеуміз балалардың бәрін Түркияға апарғанбыз. Кішкентай екеуі ғана қалды. Одан кейін өздері-ақ Катар мен Америка, Кореяға барып келді. Енді сабақтарын оқысын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Фото көрнекілік үшін.