Ресей Трамптың мәлімдемесіне жауап берді

0
53

Путин АҚШ президентінің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Трамп Путинге үндеу жолдап, Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Украина мәселесі шешілмесе, АҚШ Ресейдің бүкіл тауарына санкция салады екен. Путин Трамптың мәлімдемесіне үн қатты.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

«Трамп алғаш президент болған кезде де санкция деп шыға келген, оған осындай әдіс ұнайды. Осы амалға жиі жүгінеді», — деді Песков.

Бірақ Ресей үкіметі АҚШ-тың мәлімдемелерін бақылап отырғанын жасырмады. Баспасөз хатшысы барлық  жаңалықты ескеретінін мәлімдеді.

Песковтың айтуынша, Ресей Трамптың бірінші мерзімі кезіндегідей екі президент арасында болған тең және өзара сыйластық диалогына дайын.

«Әзірге ешқандай хабар түскен жоқ», —  деді Путиннің өкілі.