Қуат Айтқалиевтің ісіне қатысты тағы бір адам күдікке ілінді

0
294

Бас прокуратура Семейде шыршадан құлап кеткен ұстаз Қуат Айтқалиевтің ісіне қатысты тергеудің барысы туралы мәлімет берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы 2024 жылғы 22 желтоқсаннан бастап бұл істі ҚК-нің 632-бабының 4-бөлігімен («Ауыр зардаптарға əкеп соққан билiктi немесе лауазымдық өкiлетін асыра пайдалану») қарап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Тергеп-тексеру барысында мұғалімдерді кəсіби міндеттерімен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне қала əкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев тартқан. Ол 2024 жылғы 27 желтоқсанда күдікті ретінде танылды. Қазіргі кезде жəбірленуші Қуат Айтқалиев емделу мекемесінен шығып, үй жағдайында жалпы практика дəрігерінің патронажын алды (2025 жылғы 9 қаңтардан бастап). Жалпы жағдайы тұрақты, Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», — деп жауап берген бас прокуратураның депутат сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар шыршаны безендіруге бес мұғалімді заңсыз тартуға жол берген №19 жəне №40 мектеп директорларына (А.А. Жүнісова мен Г.Е. Сүлейменова) 2024 жылғы 23 желтоқсанда «сөгіс» жарияланды.

Облыстық білім басқармасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы бұйрығымен білім бөлімінің басшысы (Б.З. Булабаев) қызметінен босатылды.

№49 мектеп директорының (Г.Тоқтаубаеваның) уақытша еңбекке жарамсыз болуына (денсаулығына қатысты) байланысты директордың міндеттері оның орынбасары Н.Құрмановқа жүктелген (2024 жылғы 17 желтоқсаннан бастап).

Фото интернеттен.