«Министрлікке шу шығаратын педагог керек емес» деп ескерту жасаған

0
1206

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы №2 мектеп-интернаттың мұғалімі өзіне Оқу ағарту министрлігінің өкілі қоқан-лоққы жасады деп видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Аталмыш мектеп-интернаттың әлеуметтік-педагогика маманы Төлеубаева Жайна өзі қызмет ететін мектеп-интернатта болып жатқан заңсыздықтар туралы айтып, Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездескенін айтады.

Екі жылдан бері Ленгір қаласы №2 мектеп-интернатында балалардың құқығы тапталып жатқаны туралы айтқан Төлеубаева Жайна: «Осы мәселелерді айтып, министр Ғани Бектайұлының қабылдауында да болдым. Ғани Бектайұлы Астанадан Жолдас Нұрланұлы атты азаматты мектеп-интернатты тексеруге арнайы жіберді. Жолдас Нұрланұлы келді, мектеп-интернатты тексерді, бұрынғы басшыны клнкурссыз басқа мекемеге ауыстырды. Ал маған «тыныш жүріңіз, министрлікке шу шығаратын педагог керек емес. Шу шықса, сізден көремін» деп қоқан-лоққы көрсетіп кетті», — дейді.