«…бірақ өте қиын екен» деген Ернар Айдар оқырманын жылатты

0
93

Танымал әнші Ернар Айдар желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жантебірентер жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

«Жаным әке…. Барлық жұмысымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын.

Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кешімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін.

Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлейтін сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді.

«Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет» дейтін. Әке, маған осы сөздерді енді кім айтады?

Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанам, кімге……? Қапыда ерте кеттіңіз-ау. Әкешім, сағындым сізді.

Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен…..», — деп сағыншын жеткізді Ернар Айдар Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы әсерлі жазбасында марқұм әкесіне өлең жолдарын да арнап, анасының, жақындарының, барша халықтың амандығын тілеген.