Дін ұйымы басшыларына VIP құзіреті не үшін берілген?
Қазақстандағы екі ірі діни ұйымның басшылары әуежайлардағы VIP залдарды пайдалана алу мәртебесіне ие екен деп жазады Democrat.kz.
Қазақстандағы Христиан және Ислам діндері ұйымдарының басшылары еліміздегі басқа лауазымды шенеуніктер секілді әуежайлардағы VIP залдарын еркін пайдалана алады. Бұл қалай?
Зайырлы елдің діни ұйым басшыларына мынадай құзірет ненің құрметіне берілген? Бұл туралы қоғам белсендісі, тәуелсіз дін зерттеуші Тұрарбек Құсайынұлы да:
«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің ел зайырлы мемлекет болып табылады.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
Алайда, ҚР Көлік министрлігінің жобасына сәйкес, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов пен оның жан досы РПЦ митрополиті Александр кейбір шенеуніктермен бірге қазақтың қаржысы арқылы Қазақстан әуежайларында орналасқан VIP-залдарды еркін пайдалана алады.
Бұл туралы EGOV.Press Телеграм арнасында да жазылды.
Айтпақшы НДС салығын кәсіпкерлерге емес,осы мүфтият пен тікелей Мәскеуге бағынатын РПЦ-ға салса дұрыс болар еді» деп жазды.
Фото әлеуметтік желіден.