«Баланың санасын дінмен улап, құқығын бұзып отыр» дейді
ТикТок әлеуметтік желісінде НұрИман-Қожа атты желі қолданушы өз парақшасында кезекті бір видеосын жариялап жұрттың ашуына тиді деп жазады Democrat.kz.
НұрИман Қожа бұл жолғы видеосында екі баласының басына сәлде орап: «Мүшриктердің мұсылманнан айырмашылығы — басындағы сәлдесі» деп үйретіп отыр.
Мұнан басқа да видеоларында діндар НұрИман 3-4 жасар титтей балаларына азан шақыртып, намаз оқытып, құран жаттатып отырғаны бар.
Сондай-ақ діндар бастауыш сынып жасындағы қыздарын хиджабқа орап тастаған.
«Сәлде туралы» видеосынан басқа видеоларының бәрінде пікір жазу тетігін өшіріп тастапты.
Жұрт пікір жазу тетігі ашық кезде «сәлде» туралы видеоның астына «бұл — бала құқығын бұзу», «кіп-кішкентай балалардың санасын дінмен улап жатыр» деген сыңайда пікір жазған болатын.
Алайда көп ұзамай, НұрИман діндар ол видеоға да пікір жаза алмайтындай етіп, жауып тастады.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото видеодан скринделді.
@nur_363koja Сәлде орау!! #казахстан #стамбул🇹🇷 #рек #рекомендации #намаз #сәлде