МузАрт-тың әншісі ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
«Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов «1001» түн бағдарламасында қонақта болып, еш жерде айтпаған сырын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«4 жасымда әкем дүниеден озды. Содан бері анамның өсиетін тыңдап өстік. Өнер анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым.
Жетінші ме әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын», — дейді әнші.
Алайда эстрада жұлдызы өнер жолын таңдамаса кәсіби спортшы болуы мүмкін екенін айтады. Әнші мектеп кезінде спортпен оның ішінде бокспен шұғылданған.
«Мектеп қабырғасында жүргенде бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім», — дейді әнші.
Фото интернеттен.