Алматыға Мұхтар Ата Мағауин атындағы көше керек!

0
112

Әлеуметтік желіде парасатты, пайымды, қазақшыл апайымыз, өте сауатты ой-пікірімен танылған Бота Дн апайымыз орынды ұсыныс жасапты. Бұл туралы журналист Дастан Қастай өз парақшасында жазды деп хабарлайды Democrat.kz.

«Алматыда әйгілі жазушы, тарихшы, ғалым Мұхтар Мағауинге көше беру туралы пікір айтады.

Меніңше, өте-мөте дұрыс ұсыныс. Ұлтымыздың тарихын түгендеп, қилы кезеңнің өларасынан аса бай рухани орамымызды, бағалы бедерімізді аршып алған Мұхтар Ата Мағауин атындағы көше жас ұрпақтың санасына сәуле түсіріп, қоғамдық қозғалысқа, өз қаламыздың тарихи мазмұнын байытуға әбден лайық!

Аталмыш ұсынысты қолдаймын және қолдауға шақырамын!» деп жазды журналист.

Фото интернеттен.