Премьер-министр АЭС құрылысына қатысты кеңесу жиынын өткізді

0
48

Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметте энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі президенттің тапсырмаларына қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырма берген болатын.

Кеңесте энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады.

«Премьер-министр АЭС салу мәселесінде еліміз үшін барынша экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екеніне тоқталды. Жеткізушіні таңдауда ел ішіндегі құндылықты арттыруға, өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беру тапсырылды», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.