«Қазақша сөйлемейтіндерге айыппұл салынсын!» деп ұсынды Нұрлан Өнербаев
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын», — деді ол.
Өнер иесінің бұл бастамасын оқырмандары бірауыздан қолдады.
«Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы», «Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын», «Әп бәрекелді», «Келісемін», «Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей кеттік шүлдірдеп», «Орынды ұсыныс», — деп жазған олар.