Нұрлан имам АҚШ-та Трамппен таңғы аста отыр

Әлеуметтік желіде танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы Ақ үй ұйымдастырған таңғы асқа қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Америка Құрама Штаттарының Вашингтондағы қайырымдылық таңғы асқа келіп отырмын…мыңдаған адам. Тура президенттің алдында имамдарыңыз отыр», – деді имам.
Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде америкалық саясаткерлер, кәсіпкерлер мен шетелдік қонақтар Вашингтонда рухани ас ішуге жиналады. Шараны алғаш рет 1953 жылы АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ұйымдастырды. Бірлескен таңғы ас Америка Құрама Штаттарының «рухани жаңғыруына» жол ашуы керек.