Жұмаққа барудың төте жолы: Бір кесесін ішсеңіз, бүкіл күнәңіз шайылып кетеді

Құранды енді оқып емес, суға езіп ішіп, бүкіл күнәлардан арылуға болады екен деп жазады Democrat.kz.
Түркияның пысықай кісілері түрлі әлеуметтік желілерде өз өнімін тоқтаусыз жарнамалап жатыр.
Айтуларынша, пакеттегі шай секілді етіп жасалған өнімдерін суға шай секілді етіп, езіп ішкен кісінің өн-бойындағы бүкіл күнәсі жуылып, тазарады-мыс.
Мұнан бөлек, осы «Құран шайды» ішкен адам сәбидей пәк болып қана қоймайды, қайтыс бола қалса, жұмаққа тікелей кіреді екен.
Бұл «Құран шайға» қатысты түрік ағайынның пікірі екіге жарылды.
«Керемет!», «осы шайды ішкен сәттен бойымды басқаша күй биледі», «ауруымнан тазартты», «бұл шайды ішкен кісі расымен ауырмайды», «әрине, Құранды суға езіп ішкен соң, ішкі бүкіл ағзаң мен миың күнәдан тазарады» деген пікірлер «ғажайыпқа сенетіндердің» аз емесін көрсетсе керек.
Ал келесі бір тарап «дін — бизнес деген осы», «ақымақтарға арналған келесі маркетинг», «онда осы шайды ішіп, діннің бес парызын орындамай жүре беруге болады екен ғой», «шай ішіп жұмаққа барудың төте жолы», «надандықта шек жоқ» деген сыңайда пікір жазып, бас шайқауда.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото көрнекілік үшін.
@deniz_timedya Bu artık gelinen son nokta, Saha ötesi olamaz herhalde 🧐