«Айнұр Тұрсынбаева халықты тонап жатыр» деушілерге айтыскер өз жауабын берді

0
379

Бұрынғы айтыскер-ақын, қазіргі кәсіпкер-коуч Айнұр Тұрсынбаева кейбіреулерге ренішін білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Кейбір сайттар «Тұрсынбаева тонап жатыр» деп шулатып жатыр екен… Мен Ақсуатта туып, Мойынқұмда өскен қызбын!

Кішкентай кезімнен қасиетті сұңғыланың тамырын қытайлар тонналап әкетіп жатқанын көзімізбен көрдік!

Бірақ «Қытайлар бізді тонап жатыр» деп бір адам айтты ма?! Жоқ! Сол тамырдың қызығын өзіміз көрейік деп завод соқтық. Қырғын техниканы әкеліп орнаттық.

Тамырдан емдік шәй жасап шығардық. Бүкіл ауруға ем сұңғыла! Бірақ біз тонаушы болып шыға келдік. Логика қайда????

8 жыл Ресей компаниясында жұмыс істедік. 100 мыңға жуық адам болды командада. Табыстың басым бөлігі Ресейге кетіп жатты.

Бірақ бір де бір сайт «Орыстар бізді тонап жатыр» деп жазды ма?! Жоқ! Гербалайф Қазақстанда 30 жыл үздіксіз жұмыс жасады. «Бізді Америка тонап жатыр» деген бір қазақ болды ма?! Жоқ!!!

Заңды түрде тіркеліп, барлық өнімімізді сертификаттап, заңды түрде стандартқа сай ең мықты өнімдерді жан-жақтан жинап отандық желілік компанияны аштық!

Қасыма сіңлім мен бауырымды қосып алдым. Сонау Кореядан, Түркиядан, Қытайдан серіктестер келіп не деген керемет кеш болды деп риза болды! Қазақтың жауы — қазақ!!!

Аяқтан шалып, құлатуды білеміз! Сөзбен сындырып жылатуды білеміз!

«Айдың нұры» қорымен 100 қазақты баспаналы қылдық! 200 отбасыны киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз еттік.

Коронавирус кезінде 1000 оттегі апаратын Түркия, Қытайдан іздеу салып әрең тауып әкелдік! Сонда да «мынау ақша жинап жатыр» деп диванда жатып алып қарғап-сілеген еркектерді көрдім…

Қаншама ауру балаға ақшалай көмек көрсеттік. 3 МИЛЛИАРД ақшаны СМА диагнозы бар үш балаға жинап бердік. Ешқашан қайырымдылыққа жинаған ақшадан 1 тиын алған емеспін!

Адамнан емес Алладан қорыққанымнан!!! Барлық бизнестен заңды салық төлейміз. Жұрттар заңсыз сата беретін шығар, өзіміз сіріңке сатсақ та құжатын туралап отырмыз.

«SAAD» компаниясы классикалық маркетингпен құрылған отандық тұңғыш желілік компания!

Кредиттен көз ашпай отырған 5000 адамды миллион табысқа жеткізсек деген ниетіміз бар…. Тапқанын басып жейтін құзғын емес, шашып жейтін сұңқардай табысты қазақтар көп болсын! Заңды түрде тірлік істеп, табыс тапсам деген әр адамға есігіміз ашық…» деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Фото интернеттен.