«Аманат» партиясына ренжідім, мәжілістен неге маған орын жоқ?» деген Балтабай ақын мәлімдеме жасады

0
686

Танымал ақын Балтабек Нұрғалиев қазіргі билік партиясына өкпесін айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде пайда болған бұл жазбаны ақын Балтабектің өз парақшасынан таба алмадық. Десек те, осы жазба тараған парақшада ақынның аты-жөніне сілтеме көрсетіліпті.

Сонымен талантты ақынымыз не дейді?

«Аманатқа» ренжідім. Еңбегімді елемеді. Мен сонда Қазақстанның жаңаруына жол ашып береді екенмін де, бірақ маған сол жаңа Қазақстан мәжілісінде орын жоқ па? Бұның қай жері әділетті Қазақстан?

Құрметті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Жаңа Қазақстан орнату ниетімен «Amanat» партиясынан шығып кету бастамаңызды мен де қолдаймын.

Мен Сіздің «Аманат» партиясынан не үшін шығып кеткеніңізді түсіндім. Мен де ол партиядан шықсам ба деймін? Қадірлі отандастар, қалай ойлайсыздар, партиядан шығып кеткенім жөн бе?

Егер «шығып кет» десеңіздер, қалың елімнің айтқанын жерге тастамай шығып кетуге әзірмін. Жаңа Қазақстанды сөзбен емес, іспен орнататын кез жетті. Келісесіздер ме? Келіссеңіздер, лүпіл басып, қолдау сөз жазсаңыздар.

Дұрыс жағымпаздана алмаппын. Мен тым ашық жағымпаздандым-ау деймін. Жағымпаздық жасау үшін де дарын керек керек.

Жасырын жағымпаздана білмейді екенмін. Жасырын жағымпаздана алатындар озады екен ғой. Не деген ақымақ, ақылсыз, сорлы едім.

Мен жағымпаздарға пародия жасаймын деп, халқымды сендіріп алыппын байқамай. Жағымпаздарға, мақтаншақтарға пародия жасамауым керек еді. Көбінің пародия дегенді түсінбейтінін қайдан білейін» деген жазбаға Балтабек Нургалиев сілтемесі көрсетіліпті.

Фото ақынның парақшасынан.