Директор мен мұғалімнің арасындағы «ойнастық»: Оқушылар жүктілігінің артуына себеп емес пе?

0
10166

Ауыл мектептеріндегі оқушы қыздар арасындағы жүктілік пайызға шаққанда қала мектептеріндегі жүктіліктен артып кеткені туралы 1 ақпанда (2025 ж.) «айқын» газеті дабыл қақты.

Әрине, ата-ана тәрбиесі аса маңызды..

Ата-ананың барлығы бірдей көргенді, сауатты және мәдениетті болмағандықтан мемлекет қыруар қаржы бөліп, бала бақша мен мектептер ұстап отыр..

Өз басым ауыл мектептеріндегі оқушы қыздар арасында жүктіліктің артуын тікелей педагогтардың сапасының көңіл толтырмайтындығымен байланыстырамын..

  1. Көптеген еркек директорлар пед.ұжымдағы бәденді деген қыз-келіншектерді ойнас қып алғаны жасырын емес (Сондайлардың кейбірін мемлекеттік мектептен кетіруге тікелей өзім атсалыстым).
  2. Кейбір «педагог» қыз-келіншектер сағат үшін, лауазым үшін немесе өзінің көргені сол болғандықтан дөкейлермен ашық ойнастық жасайды.
  3. Кейбір «заврайонолар» өз қол астындағы бәденді деген «педагогтарды» ауданға келген дөкейлерге «шәй құйып» беру үшін пайдаланады деген әңгіме негізсіз емес..

Ондай дастарқанда тек шәй ішіліп қана қоймайтыны бесенеден белгілі..

Өкінішке қарай, мұндайлардың арасында ері бар келіншектер де бар (Осындай себептермен ойрандалған отбасылар туралы зерттеу жүргізетін журналистер болса мен біраз кейс беруге дайынмын).

Осының бәрі оқушылардың көз алдында болып жатыр…

«Интернет» деген «ұлы» ұстазы бар қазіргі балалар сабақтан басқа да біраз нәрсе біледі, сезеді..

Енді Айжан Турехановна деген желі қолданушының келесі постын күтеміз, егер мен скринін қойған пост бар болғаны әлдебіреулерді бопсалау болмаса

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото автордың парақшасынан.