Таразда 15 жасар қыз босанды

0
1437

Таразда кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушысы босанып қалды деп хабарлайды Democrat.kz. тілшісі Halyqstan Телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, 15 жасар қыздың жүкті екенінен ешкім, тіпті туған анасы да хабарсыз болған.

Облыстық перинатальды орталыққа толғақпен түскен қыз туралы ақпарат шұғыл полицияға хабарланған.

Қыздың жүктілігіне қатысты ең бірінші өгей әкесі күдікті ретінде тергеуге алынды.

Әйтсе де, өгей әкесі бұл қызды 3 жасынан бағып, әкелік қамқорлық жасағанын айтып, бет бақтырмаған.

Сонымен қатар қыздың өз шешесі де күйеуінің жаман әрекетке бармайтынын айтып, шырылдап, жаны шығардай болыпты.

Алайда ДНҚ тесті жаңа туған сәбидің әкесі қыздың өгей әкесі екенін көрсетсе де, кінәсін мойындамаған ерлі-зайыптылар «ДНҚ тесттері жалған, басқа тестпен ауыстырылған» деп бой бермейді.

Нәтижесінде Алматыға келіп, тәуелсіз ДНҚ тестін жасатады. Тест нәтижелері сәбидің әкесі өгей әке екенін дәлелдеді.

Өгей әкенің қолына кісен салынғанда, 15 жасар қыз да бар шындықты айтып, өзін өгей әкесі 13 жасынан бері зорлап келгенін жайып салды.

Полиция өгей әкеге қатысты Қылмыстық кодекстің 122 бабы, 3- тармағы бойынша іс қозғады.

Фото көрнекілік үшін.