Гүлзира Айдарбекова кімді қатты қызғанатынын айтты

0
133

Әлеуметтік желі парақшасында Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира ханым отбасындағы жағдайға қатысты жазба жариялап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді деп жазады Democrat.kz.

Немерелері туралы жазған Гүлзира Айдарбекова қыз немерелерін ерекше жақсы көретінін, өзін сағынатын немерелері барын айтып, көңіл-күйімен бөлісті.

«Атасының жеке қызы, құлынымның құлыншағы Сезім қызымыз, атасын сағынып келіп, екеуі мәз болып, суреттерін жіберіпті, апасын қызғандырып.

Алла бұйыртса 2-3 күнде барып қайтамын-ау. Алаукам, апа қашан келесің деп көп хабарласып кетті, мені де сағынатын жанның бар екеніне сырттарынан айналып-толғанып, Аллаға шүкіршілік айтып отырғаным…

Немеренің бәрі өміріміздің жалғасы, бәрі тәтті, сонда да болса атасы екеуіміз де, қызымыз болмай көбірек армандаған соң ба, қыздарды қаттырақ жақсы көреміз.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, жанұямызда төрт көзіміз түгел болсын! Немеренің өз балаңнан да тәтті болатынын тек немере сүйіп көргендер жақсы білетін шығар, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Немере сүймегендер, сіздер де немере, шөбере көріңіздер!» деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Фото интернеттен.