«Мүфтияттың артында — Қазақстан, мүфтидің артында — Президент тұр» деген ақсақал «Мүфтиятқа қарсы адам қазақ емес» деді (ВИДЕО)

0
936

Әлеуметтік желіде имамдарды қорғап сөз сөйлеген ата елдегі діни жағдайға қатысты арқаланып, пікірін білдіріп, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған төмендегі видеодағы атаның аты-жөні, қызметі туралы дерек таппадық. Оның өз сөзінен түсінгеніміз, Алматы облысындағы Жаркент қаласы маңынан сияқты.

Атамыз бұрынырақ имамды сабап тастаған бір оқиға туралы баяндап: «Бұрын имамға төрден орын берген. Басты имамның алдына қойған. Әйелі жоқ болса, қалыңмалын төлеп, қыз әперген.

Малы жоқ болса, мал берген. Ата-анаң, бауырың өлсе — жаназа оқыған имам. Ұл-қызың өскенде, некесін қиған — имам. Сол имамды кім ұрды дедім.

Бір өзім, ешкімі жоқ, Албанның елінде, Жалаңаш деген жерде учаскелік милицияны шақырдым. Милицияның погонынан ұстап: «Ей, мүфтият дегенді біліп қойыңдар, оның артында Қазақстан тұр!

Мүфти дегенді біліп қойыңдар, оның артында — Президент тұр! Имамдардың Президенті бар! Қазақстан — біреу ғана!» дедім», — деген ақсақал әрі қарайғы сөзін діни уағызбен жалғап, «Мүфтиятқа қарсы адам — қазақ емес!» деді .

Фото көрнекілік үшін.

@abylai_maksut

#🇰🇿 #tik_tok #муфтият #рек #1 #қазақстан🇰🇿 #молда #ойқамшы

♬ оригинальный звук — abylai_maksut