Мұғалімнің баласы — тоқалдан тумаған, түртпектеудің керегі жоқ

0
721

Мұғалімнің баласы …. Бұл сөзді сырт адам айтса, жарасады.

Неге мұғалімдер мұғалімнің баласын жүргізбейді?

“Сен мұғалімнің баласысың, сөйлеме, қозғалма, жүгірме, күлме”. Шектеулер өте көп.

Әріптесінен өшін алғысы келетіндердің сөзі ме?

Бұрын солай болсыншы.

Ал қазір замануи мұғалімге жараса ма?

Өз құқығы мен міндетін білетін балаға шектен тыс шектеулер қою ұнамайды. Не анасына жұмыстан шық дейді, не мұғалімге өзінің құқығы туралы қарсы уәжін айтуға тура келеді.

Педагог мәдениетінің көрсеткішінің бірі осы болса керек.

Прокурор, не «кнбшниктің» баласына сөйтіп сөйлеп көрген мұғалім бар ма екен?

Мұғалімнің баласы “тоқалдан туған жоқ” . Бірақ қазір тоқалдың баласы жақсы болар.

Әріптестер, өз балаңа тиіспе. Өйткені алдымыздағы баланың бәрі — бірдей.

Жанар САҒЫНБАЙ, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.