«Өрлеу»-дің обалына қалып жүрген кімдер?

0
681

Мұғалімдердің білімін жетілдіретін «Өрлеу» оқыту орны негізгі миссиясының быт-шыты шығуда деп жазады білікті ұстаз Мира Барказатқызы өзінің әлеуметтік парақшасында. 

«Мұғалімдердің білім жетілдіретін “Өрлеу” жоғарғы оқу орнының бермеген білімін бере алмайды, оның орнын баса алмайды.

“Өрлеудің” миссиясын білмейтіндер оны да жұлмалап бағытының быт-шытын шығарды.

ЖОО берілетін білім орта мектепте қолданылып отырған жаңартылған білім бағдарламасының оқу мақсаттары мен дағдыларын білмейді, ЖОО академиялық білім береді және оқыту технологиялары туралы ұғым береді, оны қалай жүзеге асатыны туралы әдістемесі берілмейді, немесе соңғы жылдары әдістемеге көңіл бөлінбейді.

Педагогика ғылымдарының кандидаттары, докторлары, профессорлары жетерлік, соның ішінде оқыту әдістемесін қорғаған ғылым адамдары саусақпен санарлық.

Бүгінгі ғылымда “Оқу мақсаттарының әдістемесі” деген ұғым да жоқ. Мұғалімдерге оқыту әдістері емес, оқыту методикасы қажет, жаңартылған мазмұнды оқыту методикасы, мәтін талдауды оқыту методикасы қажет» деп жазды Мира Барказатқызы.

Фото көрнекілік үшін.

Democrat.kz.