«Қазақ тілі» пәніндегі қайшылықтар үшін де мұғалім кінәлі ме?

0
609

«Қазақ тілі мамандарының білімі төмен» дейді Ғани Бейсембаев мырза. Дұрыс та шығар, өзі де бірер жыл Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын басқарды, оқулықтың сапасын жақсы біледі.

Білім беру Стандартын, Бағдарламаның жүйесін де, ҮОЖ (ТУП) дегеннің не екенін де жақсы біледі. Қолданыстағы Стандарт бойынша ТУП екі түрлі: біріншісі — қазақ тілі 5-8 сыныпта аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.

Қолымыздағы оқулықтар 2016 жылы шыққандықтан үш сағатқа лайықтап жасалған. Екіншісі- төмендетілген ТУП -ты республика бойынша қолданады, ол бойынша аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат берілген.

Егер оқулықты жетілдіріп, толықтырып жазсақ, осы сағаттарды қалай жіктеуге болады?! Алдымен 3 сағаттық бағдарламаға тоқталайын. Оқу мақсаттары төрт дағдыға негізделген (айтылым мен тыңдалым, оқылым, жазылым)

Барлығы 102 сағатты әр тоқсанда 2 рет алынатын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 15-20 минуттық тапсырмвдан тұрады, (әдетте оқушы 45 минут орындайды) барлығы 8 сағат, ал бір жылда 4 тоқсан 4 тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) алынады.

102 сағаттың 12 сағаты кетті, қалған 90 сағаты тақырып қамтылады. Дәл сол сияқты 68 сағаттың 12 сағаты бағалауға арналады, 56 сағатқа тақырып кетеді.

Бағдарламада өтілген тақырыпты қайталауға мақсат қойылмағандықтан, өз тәжірибемде БЖБ алар алдында, ТЖБ алар алдында өтілген материалдарды қайталап аламын.

Оқу мақсаттарындағы үйренген (мәтін тақырыбы, идеясы, құрылымы, стилі, хат жазу, аннотация жазу, тезис жазу, мақала, эссе жазу) дағдыларын қайталап аламын.

Бұл үшін сабақ тексеруші завуч, директорлардан кейде сөз естимін, өйткені бағдарламада қайталау деген мақсат жоқ.

Сабақ жоспары (ҚМЖ) бағдарламаға сай болмай қалады. Сондықтан олар мұғалімді қылмыс үстінде ұстағандай болады.

Ал енді оқулық авторлары 5-8 сыныптың қазақ тілі оқулығын 102 сағатқа жаза ма, 68 сағатқа жаза ма?!

Егер мектеп төмендетілген ТУП таңдаса, 102 сағаттың 90 сағатынан қандай тақырыпты қысқартады.

Керісінше 68 сағаттық ТУП-ты таңдаса, 56 сағатқа анау оқулықтан (ресурстан) қай тақырыпты кесіп тастайды? Қай оқу мақсатын қысқартады?!

Оқушының қандай дағдысын қалыптастырмайды?! Осыған не айтасыздар? Осыған да мұғалім кінәлі демексіздер ме?!

Енді ғалымдардың да авторлардың да басы қатты, әлі де ойланып отырмыз. Екі оқулық жазамыз ба? Қайтеміз?

Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.