Журналист Әйгерім Сейфолла: «Көңілім алай-түлей»

0
1912

Астанадағы лифтіде болған сұмдық жағдайға байланысты журналист Әйгерім Сейфолла жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Жүрегім орнына түспей тұр. Көңілім алай-дүлей. Астанада кеше лифтіде болған оқиғаны естіген соң сенесіз бе, көз ілмедім. Мен ғана емес ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ана бір түрлі күй кешуде.

Оған дәлел жекеме кеп жатқан аналардың хаттары. Бірнешеуін сторисіме сап қойдым.

Екі жаққа да оңай емес… Дерті бар баланың ата-анасына да, пышақталған 5 жасар балақайдың отбасына да.

Ешкімнің басына мұндай сынақ бермесін. Баламен сынамасын. Кінәліні іздемеңіз. Жазғырмаңыз. Ауыр сөздер жазбаңыз.

Жазаны берер орган бар. Басына түспеген адам бөсіп сөйлеп, пікір айтып жатыр ішінде танымал адамдар да бар екен.

“Есі ауысқан, жынды, ауру, псих” деп. Ауызға ие болыңыздар. Кім біледі алда сізді, ұрпағыңызды не күтіп тұрғанын. Жалпы қазір сау адамдардың өзінен қатыгездіктің түр-түрін көріп жүрміз.

Сондықтан “тек ерекше бала қауіпті, олармен ойнама, оларға жолама” деп бөліп жармаңыздар.

Пікір айтпас бұрын үйдегі балаңыздың шалыс баспайтынына, ертең адаспайтынына 100 пайыз сенімді боп алыңыз.

Ал ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана барынша сауатты, ақшалы, сабырлы, төзімді, ешқашан шаршамайтын, өмірден баз кешпейтін мықты болу керек.

Және баласын қоғамға бейімдеп қосуы керек немесе қоғамнан оқшаулау керек(егер қатыгез болса, өзгелерге қауіпті болса, ем қомбаса) Қаласа да қаламаса да осы!

Ата-ана жауапкершілігі бірінші орында. Басқа амал жоқ.
Мысалы, мен ұйықтағанда бір көзім ашық жатады. Ұлым оянып, шығып кетпесін, бірнәрсені бүлдірмесің деп елеңдеп жатамын. Жалпы үнемі “ояу” жүруімізге тура кеп тұр. Бір кем дүние…» деп жазды танымал журналист өзінің парақшасында.

Фото интернеттен.