Олжас Бектенов Петропавлдағы жылу электр орталығына барды

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавл ЖЭО-2 нысанына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жылу электр орталығындағы кейбір құралдар 57,3 пайызға тозған. Былтыр жылу электр орталығының №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеуден өтті.
Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталған екен.
Премьер-министр «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының барысымен танысқан.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.
«Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңарды. Инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендеп, электр энергиясын өндіру қуаты 7,3 ГВт-қа артадыдеген болжам бар», — дейді Бектенов.