«Ол жігітке тұрмысқа шыққым келмей қалды» деген Айгерім басы қатып жүргенін айтады

0
487
Алты айдай болды бір жігітпен сөйлесіп жүріп жүрмін. Былайша бәрі жақсы. Ата-анасымен таныстым. Ол да мен жақпен танысты.
Той, ұзату туралы әңгіме басталды. Менікілер тіпті дайындықты бастап кетті.
 Ендігі жағдай ол жігітке тұрмысқа шыққым келмей қалды. Себеп: ақшаға өте сараң екенін біліп қалдым.
Қазірден бастап үнемдеп үйрен дейді. Үйленген соң бүкіл бюджет менде болады дейді.
Жұмыс істейсің айлығыңды маған бересің дейді. Азық-түлікке, квартплатаға өзім төлеймін, косметика, анау-мынауға ақшаңды құрта бермей, жина дейді.
Тіпті қазір маған 5-10 000 жіберсе, қайда құрттың, неге жараттың деп сұрайды.
Кафе, ресторанға барсақ, үнемі бағасына қараймын себебі ол алдын-ала айтып қояды «счет» мынанша теңгеден аспау керек деп.
Жарайды деп көніп келе жатыр едім. Енді былай дейді, той жасамаймыз, той жасаймыз деген ақшаны менің мамама береміз.
Төркініне барып қыдырсын дейді. Тойдан қалған ақшаны тұрмыстағы қарындасына ипотекаға көмек ретінде бермекші.
Жынымның келгені соншалықты онда мен саған тұрмысқа  шықпаймын, маған жолама дедім.
Алайда үйдегілерге осы жігіт ұнап қалған және олар дайындықты бастап кетті. Бас тартсам, олардан да ұрыс естиін деп тұрмын.
Бірақ үйленсек бұл жігіт маған күн бермейтінін анық білдіріп отыр. Үйдегілерге ұнайтынын біліп маған айтады, қайда барасың, тиесің бәрібір маған дейді. Не істесем болады?
Threads жазбасы, авторы — Айгерім.
Фото көрнекілік үшін.