Әнші Мақпал қызы туралы жұрт білмейтін тағы бір шындықты айтып берді

0
3589

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің жиі орысша сөйлейтінін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қызының қазақтар аз жұмыс істейтін компанияда қызметкер екенін айтты.

“Жұмысында қазақтар аз. Көбіне орысша және ағылшынша сөйлеседі.Үйде ғана қазақша сөйлесеміз. Қыз түгілі менің өзім де кейде орысша сөйлеп кетемін. Ауру қалса да, әдет қалмайды. Ең бастысы 99% қазақша сөйлейміз”, – деп жазды әнші.

Одан кейін әнші қызының басқа салада еңбек ететінін айтып, сахнаға шыққысы келмейтінін жасырмады.

“Мерейдің ән айту – хоббиі. Сахнаға шыққысы келмейді. “Мама, сіз сияқты ұшып-қонып жүре алмаймын. Жол жүруден шаршаймын. Әнші болмаймын” деді. Қазір бір компанияда ағылшын тілінен аудармашы болып жұмыс істейді. Сырттай оқуын жалғастырып жатыр”, – деп жауап қатты халық әртісі.