«Қазақмыстағы» жарылыста қаза болғандардың тізімі шықты

0
312

17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кеніші опырылып түсті. Оқиға салдарынан шахтаның жеті жұмысшысы үйінділер астында қалып қойған. Кейінірек барлық шахтердің қазасы туралы ақпарат пайда болды. Ең кішісі 26 жаста. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайтыс болған кеншілердің тізімі:

  • Қайрат Аманбекұлы Ақшалов, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
  • Ардақ Боранбайұлы Жақұбаев, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
  • Бақытбек Нышанұлы Жұмаділлаев, 1975 жылы туған, жер асты кен жұмысшысы;
  • Орынбек Әмірханұлы Кенжебеков, 1991 жылы туған, тиеу-тасымалдау машинасының машинисі;
  • Ғалымжан Есенбекұлы Молдабеков, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
  • Олжас Жағалбайұлы Нұрұлдаев, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі;
  • Константин Владимирович Рожков, 1992 жылы туған, жер асты тау-кен қазу жабдықтарының электрослесарь-монтаждаушысы.

Құтқару жұмыстары барысында барлық жеті кеншінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетіні хабарланды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.