«Күйеуім ұрмасын деп, ішіп алатынмын» дейді танымал актриса Гүлжан Қалыбаева

0
7142

Журналист Аман Тасығанмен сұхбатында танымал актриса Гүлжан Қалыбаева қазіргі және бұрынғы өмірі туралы еске алды деп жазады Democrat.kz.

Кезінде «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікті өнерімен сүйсінткен Гүлжан Қалыбаева өз сұхбатында марқұм күйеуінен көп таяқ жегенін, сол үшін бір кездері ішкілікке салынғанын да жасырмады.

«Мақұм күйеуім Төлегеннен қатты қорқатынмын. Мінезді еді ғой. Өтірік емес, қол көтеретін. «Жақсы көрсе, ұрады» дейтін түсінік бар еді ғой ол кезде. Ұрғанда аямайтын. Кейде бетімнің көкала болғанынан сыртқа шыға алмай қалатынмын. Бір жерде артық 5 минут отыруыма рұқсат бермейтін. Кейін одан қорыққанымнан аздап спирттік ішімдік ішуді бастадым. Мен ішкен кезде ол маған қол көтермейтін. Ал маған керегі де сол болатын. Содан… бірақ қазір мүлде аузыма алмаймын» дейді актриса.

Фото интернеттен.

@talk_like

#amantasygan #talk_like #рекомендации #rek

♬ оригинальный звук — AMAN TASYGAN LIVE