«Діншілміз» деген кісілер есірткі сатумен айналысқан

0
111

Сарқан ауданында Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Операция арқасында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанатыны анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде марихуана, сондай-ақ Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер тәркіленді.

Қазір құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция есірткі тарату, қолдану және экстремистік материалдарды сақтау мен насихаттау ауыр қылмыс саналатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Фото интернеттен.