Тұтас бір қала жермен жексен болуы мүмкін

0
222

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Мараньян штатындағы Буритикупу қаласы жаймен жер астына опырылып түсіп жатыр. Орны шұңқырға айналған қаланың жергілікті билігі жағдайға қатысты төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газету.Ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада 55 мыңға жуық адам тұрады. Қазіргі уақытта 1200-ге жуық адамға үйлерін жоғалту қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде бірнеше ғимарат қирап қалды.

«Соңғы бірнеше айда опырылған жердің мөлшері өсіп, тұрғын үйлерге айтарлықтай жақындады», — деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Топырақтың шөгуі жаңбырдың топырақтың эрозиясына әсерінен , сондай — ақ нашар жоспарланған құрылыс жұмыстары мен ормандардың кесілуіне байланысты болып отыр. Буритикупу тұрғындары мұндай мәселемен 30 жыл бойы күресіп келеді.