Білім сапасына әкімдік тарапынан дабыл қағыла бастады

Әлемде «Ақылды халық» рейтингісінде Оңтүстік Корея халқы бірінші орында. Бұл жетістікке білім жүйесін жетілдіру арқылы жеткені айтылған.
Алаш жолымен жүргенде, бірінші орында қазақ болатынын сеніммен айтуға болады.
Бізде білім әбден тоқырауға түсті…. Таланттардың арқасында жекелеген жетістікті айтпағанда.
Шымкентте білім сапасына қатысты қоғам тарапынан дабыл қағылып келгенімен, енді бұрын-соңды болмаған әкімдік тарапынан дабыл қағылуда. Ол біреуге ұнар, біреуге ұнамас бірақ басқа жол қалмады. Әкім болмасада орынбасары тікелей білім мекемелерін аралап тыныс-тіршілігімен танысса, көп мәселенің, кемшіліктің беті ашылады. Қандай көмек қажеттілігін көреді. Ұжым мүшелер де өз ұсыныстарын қажеттіліктерін айтуға мүмкіндік алады.
Ә.Жәми «Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді» дейді. Негізі білім мәселесін Астанадан бастау керек.
Шымкент қаласы әкімі орынбасары С.Абайұлы өткізген брифингте білімге қатысты көп мәселе көтерілді.
Соның ішінде, бірінші мемлекет, қоғам тиіс мекеме басшылары жеке басқа кетіп мемлекетке шығын әкелетіні барлары айтылды. Әкім орынбасары қосымша білім беру мекеме атын атамады: 4000 оқушы тіркелгенімен 700-оқушы баратынын мекеме барын айтты. Сонда келмейтін 3300 — оқушыға қырауыр қаржы бөлініп келген бе? 4000-оқушыға қаншама ваканция ашылып жалақы төленеді. Қанша уақыттан бері жалғасып келеді?. Қандай мекеме ? Басшысы кім ашық айтылу керек еді.Не шара қолданды? Бақыласа халық қаржысының талай талан-таражы ашылады.
Білім болашақ ел, ұлт тағдырына тікелей қатысы болғандықтан, қоғам тарапынан да бақылауға алып, қолдан келген көмекті көрсету міндетіміз.
Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.