Айгүл Иманбаева күйеуімен сүйісіп, жұрттың сынына қалды

0
129

Екінші рет тұрмыс құрып, АҚШ-қа қоныс аударған Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жақсы жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Instagram парақшасында күйеуі Ерланды шаңырақ көтергендеріне жыл толуымен құттықтап, жылы лебізін арнады.

«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып,шаңырақ көтерген күніміз болатын. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры- бір Жаратушының қолында. « Әйел қырық шырақты «-деген осы шығар. Әрбір Әйел бақытты болуға лайықты!!», — деп жазды өнер иесі.

Алайда, күйеуінің ернінен сүйген сәтін көпшілікке жариялаған әншіні желі қолданушылары қатаң сынауда.

«Әдемі көрініп тұр деп ойлайтын шығар, бірақ өте ерсі дүние», «Қартайғанда осындай сүйістің не керегі бар», «Бұларға күйеуге шығу мода болды ғой», «Фу, құдай-ай, былш еткізіп сүйе салды ғой», «Әже болды, келін алды, істеп жүрген тірлігі мынау», «Ернінен сүйгенің ұят болды», — деп жазды олар.