Ата-анасын қарттар үйіне өткізсе, баланың жалақысы кесу керек деген ұсыныс жасалды

0
36

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков ата-анасын қарттар үйіне өткізген қазақстандықтар жалақысының 50%-ын әке-шешесіне аударуы керек деген ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандар қараусыз қалған ата-аналарының есепшотына тапқан жалақысының 50%-ын аударуға міндеттеу керек. Әрине, бұл қаражат ата-анасына деген құрметке тең келмейді. Дегенмен материалдық өтем болу керек”, – дейді депутат Таңсәуле Серіков.

Осы тұста қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.

“Балалары болғандықтан ата-анасының жағдайын қамтамасыз ету керек. Өздері қарай алмаса, қарттар үйіне жіберсін. Онда айлығынан беруге міндетті. Мұнымен толықтай келісемін”, “Меніңше, дұрыс. Олар міндетті”, “Егер анамды қарттар үйіне өткізсем, ақшамен қамтамасыз етуге міндеттімін. 50%-ын алсын”, “Меніңше, бұл дұрыс емес. Қазір жастарға онсыз да қиын”, “Ондай балаларды атып тастау керек”, – дейді сауалнамаға жауап бергендер.

Сондай-ақ депутат жасы 70-тен асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлік болса, оны өзге адамдарға рәсімдеуге тыйым салу қажет деп санайды.