Жанқош Тұраровтың әйелі жалған ақпарат таратты

0
175

Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі жасаған мәлімдеме жалған болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, боксшының әйелі Клара Иса жәбірленуші Әнару Құрманалиеваны «Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр» деген еді.

Алайда адвокат Ләззат Ахатова мұны жоққа шығарды. Facebook парақшасында істің мән-жайына қатысты пікір білдірді.

«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», – деп жазды Ләззат Ахатова.

Фото көрнекілік үшін.