Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соғысты

0
36

Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан адамдар зардап шегіп, локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Telegram-каналында хабарланғандай, 1 наурыз сағат 10:20-да Тендік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен жүк пойызы мен ауыр көлік соқтығысқан.

«Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті. 2024 жылы теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 жол-көлік оқиғасы болды.

ҚТЖ осындай оқиғалардың алдын алу үшін теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады», — деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Фото дереккөзден.