Әйелін бірнеше сағат бойы ұрып, ауыр жарақат салған

0
91

Әзербайжанның Гяндже қаласында отбасылық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді. Ер адам өз әйелін бірнеше сағат бойы қатыгездікпен ұрып-соғып, ауыр жарақаттар салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy bakupost.az сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға 28 ақпанда болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Эльхан Абдиев өзінің жұбайы Хумай Абдиеваны (1991 жылы туған) бірнеше сағат бойы балтамен және арматурамен ұрып-соққан. Бұл жантүршігерлік жағдай олардың екі баласының – 12 жастағы Мазахир мен 7 жастағы Нилайдың көз алдында болған», — делінген материалда.

Зорлық көрсетуші әйелін жуынатын бөлмеге апарып, шашынан сүйреп, қабырғаға бірнеше рет соққан. Ол әйеліне де, балаларына да өлім қаупін төндіріп, қорқытуын жалғастырған.

Оқиғаға дейін Эльхан Абдиев әріптесіне қоңырау шалып, сол күні жұмысқа шықпайтынын айтқан. Бұл қылмыстың алдын ала жоспарланған болуы мүмкін екенін көрсетеді.

«Қатты соққыға жығылған Хумай Абдиева Гяндже халықаралық ауруханасына жеткізілді. Ол сол ауруханада мейірбике болып жұмыс істеген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Қазір полиция күдіктіні қамауға алды, тергеу жұмыстары басталды», — делінген материалда.